2.03.2016, 10:24
Оқылды: 48

Батысқазақстандық жас айтыскер арнайы жүлдеге ие болды

  Ertai Ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында мектеп оқушылары арасында республикалық  ақындар айтысы болып өтті.


         Жас ақындар айтысының мақсаттары мен міндеттері:

- республикадағы  білім беру ұйымдары оқушылары арасында Ж.Жабаевтың шығармаларын насихаттау;

- республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

- айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

         Айтысқа поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, «өлең – сөздің патшасы» екендігін жанымен түсіне білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын суырып салмалық қабілеті бар 26 жас айтыскер өрен  қатысты.

         Айтыс екі кезеңнен тұрды.

         Алғашқы айналымда Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі, Мұхит атындағы ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Райымбек Өтепов алдымен астаналық Дияс Өтепбергенмен айтысты.

         Финалға 12 айтыскер шықты. Финалда батысқазақстандық айтыскер  жас ақын Райымбек Өтепов семейлік айтыскер, 11-сынып оқушысы Рысгүл Досжановамен айтысты.

         Райымбектің жетекшісі Бимұханов Ертай Сағындықұлы – облыс ақыны, жоғары санатты қосымша білім беру педагогы.

         «Ақындық әліппесі» үйірмесі 1995 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.

         Айтыс қорытындысында Райымбек Өтепов «Есенқұл Жақыпбеков атындағы арнайы жүлдені» жеңіп алып, дипломмен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы КЕРЕЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале