4.11.2021, 16:56
Оқылды: 45

Украинада коронавирустан бір күнде 720 адам қайтыс болды

Демалыс күндерінде көптеген ресейлік отбасылардың шетелде демалуы SARS-COV-2 жаңа штамдарын елге әкелу қауіпін тудырады.

66

Ресейдің Гамалея атындағы орталығының вирусологы Александр Бутенко Ресейде COVID-19 жаңа нұсқаларының пайда болу қаупі туралы ескертті. Туристердің жауапсыздығы локдаунның тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аурудың төмендеуі болады, дегенмен оның көрсеткішін әлдеқайда жоғары деңгейге жеткізуге болар еді. Кейбір адамдардың қазір Түркияға, Египетке және басқа елдерге сапар шегуге деген ұмтылысы болмаса, демалыс күндерінің әсері анағұрлым айқын болар еді», – деді Бутенко.

Пандемия кезінде курорттарды аралайтын ресейліктер тек өз денсаулығына қауіп төндіріп қоймайды. Елге оралған кезде олар коронавирустың кез-келген штамдарын жұқтырудың ошағы бола алады.

Күн сайын covid-19-дан болатын өлім-жітімнің күнделікті өсуі Украинаны осы статистика бойынша Еуропада екінші орынға шығарды. Бірінші орында Ресей -күніне 1 189 көз жұму жағдайлары тіркелуде. Украинада бір күн бұрын 720 адам қайтыс болды. Үшінші орында Румыния-449 науқас көз жұмды.

Киевтің ресми мәліметтеріне сәйкес өткен 24 сағат ішінде 23 393 адам вирус жұқтырды, ал дертке шалдыққандардың жалпы саны 2 979 086-ға жетті, пандемия басталғаннан бері 69 447 адам қайтыс болды. Өткен жылдан бастап бүкіл әлемде коронавирус инфекциясынан 5 миллионнан астам адам көз жұмды. Жалпы көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале