9.11.2021, 9:13
Оқылды: 78

Жемқорлық қылмысымен тергелуде

Жуырда ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін 30 шақты шенеунікке қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

сыбайлас

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бөлім басшысы да қамауға алынғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Екібастұзда мемлекет басшысының қатысуымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ҚР Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

«ҚазАқпарат» ХАА таратқан дерекке сүйенсек, бөлім басшысы ұйымдасқан топ мүшелерімен бірлесе отырып, 120 шаруаның атынан жалған қағаздарға қол қойып, олардың есепшоттары арқылы ақша аударып отырған. Соның кесірінен, шын мәнінде, біраз жерге талапқа сай келмейтін қондырғылар орнатылған. Осыған ұқсас қылмыстық істер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тіркеліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу  жұмысын  жүргізуде.

Өз  тілшіміз,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале