9 қарашадағы мәлімет бойынша 39 705 адам коронавирус инфекциясынан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде:
7 317 пациент стационарда,
32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда,
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
520 адамның жағдайы ауыр,
144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.