9.11.2021, 12:50
Оқылды: 40

Бағдарлаушылар бабында

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық бағдарлаудан Теректі ауданының ашық біріншілігі өткізілді.

26

Подстепный ауылында оздырылған додаға жергілікті командалар мен облыстың түкпір-түкпірінен келген бас-аяғы жүзге жуық спортшы келіп, өзара мықтыларды анықтады.

Аталмыш сайыста аудан бағдарлаушылары барын салып, бәсі биік бәсекеде Бәйтеректің туын жықпады. Жас туристер станциясының педагог-жаттықтырушылары Е. Сабитов пен М. Жумагалиевтің жетекшілігімен барған бағдарлаушылар олжалы оралды.

Атап айтар болсақ, жарыс қорытындысында спринт қашықтығында Ернұр Серікқали жеңімпаз атанса, Зарина Габдушева, Данат Мусалимов және Әділхан Жарылғасов екінші, Толғанай Талапқали үшінші орынға ие болды.

22

Сонымен қатар орта қашықтықта бәсеке көркін қыздырған Мағжан Демеу қарсыластарын шаң қаптырып бірінші орынға жайғасса, Ернұр Серікқали, Данат Мусалимов, Әділхан Жарылғасов сынды спортшылар жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасты.

25

Ал жалпыкомандалық есепте аудан намысын қорғаған команда жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Назерке Сыйлыбаева,

Байтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале