9.11.2021, 14:40
Оқылды: 35

Облысымызда 241 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Батыс Қазақстан облысында 240 990 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211109141244564e

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл – облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың (414 389) 58,2 пайызы.

Орал қаласында барлығы 224 092 адам егілуі керек болса, соның 124 192-сі алғашқы екпесін салдырды. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 34 105 тұрғынның 23 469-ы, Бәйтеректе 29 999 адамның 17 993-і бірінші компонентпен егілді.

Өткен тәулікте 613 адам бірінші компонентті қабылдаса, соның 18-і – созылмалы дерті бар адамдар.

Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері барлығы 39 223 науқас тіркелді.

Қазіргі таңда 511 адам амбулаторлық ем алуда. Облыс стационарларында жатқан 153 науқастың 15-і ауыр халде. Соның ішінде біреуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале