9.11.2021, 19:59
Оқылды: 48

Қаратөбеде аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін Қаратөбе ауданында аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы кезекті ІХ сессиясы өтті.

F146204C-0FA1-4F53-B8E3-9701774EB558

Сессияның күн тәртібінде он мәселе қаралды. Сессияда өткен 2020 және 2021 жылдың  9 айында атқарылған жұмыстар туралы Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқановтың, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы Нұржан Сахиповтың, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сәния Омарованың, аудандық саз мектебі директорының міндетін атқарушы Жанболат Есенгельдиннің есепті баяндамалары тыңдалды.

«2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Қаратөбе ауданы әкімдігінің және Қаратөбе аудандық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі туралы, Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы «2021-2025 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы аудандық  экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамын бекіту туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржамал Берниязова аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссиясы құрамын және аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы құрамын бекіту туралы хабарламалар жасады.

F6747E2C-9D6A-4FA2-87D3-586C9B2A8716

Есепті баяндамалар бойынша атқарылған жұмыстарға аудандық мәслихат депутаттары Айгүл Мәлікқызы, Тоқтар Мерекеұлы, Гүлмира Кеңесқызы қанағаттанарлық бағаларын берді.

Хабарламашы Берік Базарұлы ауданның кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу бойынша Қаракөл ауылдық округінің құрамында болып келген кіші Қоскөл ауылын бір ғана елді мекеннен тұратын Егіндікөл ауылдық округі құрамына енгізу туралы ұсынысты ортаға салды. Осы мәселеге байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов жер балансына өзгеріс енгізу үшін ғылыми сарапатамалық жұмыстардың қажет етілетіндігін алға тартты.

AD355BD0-99AC-4435-82D8-DDB34F4E06F1

Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы атқарылатын жұмыстарды жүргізуде үлкен жауапкершіліктің қажеттілігін, әр саланың басшылары өзіне тапсырылған істі зор жауапкершілікпен тындырымды атқарған жағдайда жұмыстың алға басатындығын айтып, бірлесе жұмыс жүргізіп келе жатқан халық қалаулыларына ризашылығын жеткізді.

Ерболат Райсов,             

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале