10.11.2021, 11:56
Оқылды: 62

Ынтымағы жарасқан жас отбасы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Шың" сазды-драма театрының ұйытқы болуымен "Ынтымағы жарасқан жас отбасы" атты аудандық байқау оздырылды.

26

Отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік  құндылықтарын сіңіруді, осы арқылы ынтымақтастықтарын нығайтып, жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын арттырып, сенімділік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға ауылдық округтерден келген жас отбасылар қатысты.

20

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Мұхит Өтепбергенұлы, ауыл ақсақалы Сатыбалды Төлегенов, «Ақ ниет» халықтық әжелер ансамблінің мүшесі Дариға Уалиахметқызы сияқты елге сыйлы азаматар отбасыларға әділ бағасын берді.

21

Қатысушылар «Таныстыру», "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез", "Біз өнерлі отбасымыз","Шебердің қолы ортақ" сияқты кезеңдерде бақ сынады.

22

Қорытындысында үшінші орын алған Кенжеғалиевтер  "Шеберлер отбасы" номинациясымен марапатталса, "Зейінді отбасы" аталымы екінші орын иеленген Айсауровтар отбасына бұйырды.  Ал "Өнерлі отбасы" атанған Ғұбашовтар байқау жеңімпазы атанды.

25

Жарыс соңында, жиналғандарға батагөй қария Сатыбал Ибатұлы ақ батасын берді.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале