11.11.2021, 15:50
Оқылды: 32

Ауылдардың маңынан тұщы су іздеу жұмыстарын 2023 жылға дейін аяқтау қажет

Ауылдардың маңынан тұщы су іздеу жұмыстарын 2023 жылға дейін аяқтау қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24

«Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел мәліметтеріне сәйкес, орталықтандырылған сумен жабдықтау желісін тарту жоспарланып отырған 85 ауылда нақтыланған ауыз су көздері жоқ. Негізінен бұл Батыс Қазақстан облысында. Бұл өңірде 31 ауылда іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мұндай жұмысты Атырау облысында – 19, Түркістан облысында – 11 және Алматы облысында 9 ауылда жүргізу керек», - деді ол Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, кешенді блок-модульдер орнату жоспарланып отырған тұрғын саны аз 170 ауылда да тұщы су іздеу-барлау жұмыстар жүргізілуі тиіс.

«Толықтай алғанда, өңірлердің ауыз сумен қамтылмаған барлық ауылында барлау жұмыстарын 2023 жылға дейін аяқтау қажет», - деді бірінші вице-министр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале