Жәнібек ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өнер фестивалі жалғасын табуда.
Бүгін әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы, аудандық аурухана, аудандық тұтынушының құқығын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» Жәнібек аудандық бөлімшесі,«Балдәурен» бөбекжайы, аудандық психологиялық-пеадгогикалық түзеу кабинеті қызметкерлерінің концерті өтті.
Кешке келген қонақтар ең бірінші фойеге қойылған көрмені тамашалады.Көрме фестивалге қатысушы мекемелер тарихынан сыр шертеді. Сондай-ақ көрмеде әр мекеменің жеткен жетістіктері, естелік суреттер ілінді.
Өнер кешінде Айсамал Сармалаева, Жанәбіл Мұстаев, Аружан Лазырова, Нұрхан Бисек сынды өнерпаздар тамылжыта ән шырқаса,Әділбек Зинуллин күмбірлете күй тартып, Айсана Нұғманова мен Гүлназ Қайырғалиева мың бұрала би биледі. Ләззат Досболатова, Әсемгүл Хабиева, Ұлпан Сағындықова туған елге арнау оқып, тыңдарманның қошеметіне бөленді.
Қатысушы қызметкерлерден құрылған хор мен флешмоб биін көрермен жылы қабылдады.
Ә. Қуанғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz