12.11.2021, 20:09
Оқылды: 45

Қаратөбе ауданында ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері марапатталды

Бүгін Қаратөбе ауданына «Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Давлетжанов келіп, ауылшарушылығы саласының қызметкерлерімен кездесті.

474A2F92-1C15-472C-A2E2-CBEC2B01A302

Амангелді Медхатұлы ауылшаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне орай аталмыш салада  ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен бір топ қызметкерді марапаттады.

А.Давлетжанов республикалық кәсіподақтың Жарлығымен «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевке, аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Рафих Сенғалиевке, шаруа қожалығының жетекшісі Нұрболат Темірбайұлына атаулы медальді табыстады.

FBE0C122-B2AD-499A-AF0C-10CA67997C2C

Сонымен қатар республикалық кәсіподақтың мақтау қағазымен Серік Құбашев, «Құрмет грамотасымен» Арман Хайретдинов, облыстық кәсіподақтың алғыс хаттарымен Бекежан Қыдырашев, Ербол Оразов, Біржан Ахметов марапатталды.

– Соңғы екі жылда пандемияға байланысты қиын жағдайға қарамастан ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері абыройлы қызмет жасады. Салада атқарылған жұмыстардың нәтижесіне сай елеулі қызметтерімен танылған аудан  қызметкерлері  де мерекелік марапатқа әбден лайық. Мерекелеріңізбен бірге марапаттарыңыз да құтты болсын. Алдағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, - деді Амангелді Медхатұлы.

7CE27DF8-25CE-4AD8-BED9-77CB5E2AD426

Жиналысты қорытындылаған Рашит Нәсіпқалиұлы ауданның ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен қатар алда тұрған міндеттерге тоқталып, Амангелді Медхатұлына сала қызметкерлері атынан алғысын айтты.

Ерболат Райсов,                 

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале