15.11.2021, 21:51
Оқылды: 48

Қанайда көп келелі іс

Бөрлі ауданы Қанай ауылындағы мәдениет үйінің ішінен жастарға арналған спорттық бөлме ашылды. Ашылу шарасына Nur Otan партиясының аудандағы филиал орынбасары Орынбасар Төлемісов қатысты.

фото канай

"Ауылда арнайы спорт залы болмағандықтан, ауыл әкімі Есбол Бахиев жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, осындай оң шешім тапқан.

"Мәдениет үйі ішінен бос орын қарастырып, осы жерде бір жағында іс-шара өтіп жатса, бір жағында спортпен айналысқандары жөн деп санадым. Азды-көпті спорттық құралдар алып, жасақтап қойдық. Ауыл жастары үшін бұл орынның үнемі есігі ашық",-дейді ауыл әкімі Есбол Демесінұлы.

Игі іске көзайым болған ауыл халқы мен Nur Otan партиясының аудандағы филиал орынбасары Орынбасар Төлегенұлы да оң бағасын берді.

Сапар барысында ауыл халқы үшін демалыс орындарының ашылғанын, кейбірінің күрделі жөндеуден өткендігін аңғардық.

Соның бірі сонау 1970 жылы Ұлы Жеңістің 25 жылдығына орай орнатылған ескерткішті алаң.  Осыған дейін Ұлы Отан соғысы кезінде елге оралмаған майдангерлердің аты жөні жазылған кірпіштің тастары түжіліп, есімдер өшкен тақтаны да жаңалап, Алаңдағы  "Отан-Ананы" бейнелеген мүсіннің қолындағы тозығы жеткен семсер қалыпқа келтіріліп, тұғыры мәрмәр таспен қапталып, айналасы өрнек тастарымен өрнектелген.

канай

"Отан-Ана" деген атау беріп, қайта жөндеуден өткен бұл алаң  ауылдағы ең көрікті жерлердің бірі.

Сонымен қоса жоғарыда айтып өткеніміздей Nur Otan партиясының аудандағы филиал орынбасары Орынбасар Төлегенұлы БПҰ- ның мүшелері әріптестеріммен кездесіп, оларды партияның ұйымдастырып жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінiң қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күнiне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Nur Otan партиясы аймақтық филиалдары БПҰ арасында өтiп жатқан "Бастауыш - партия негiзi" айлығына қатысуда белсенділік танытуға шақырды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

 zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале