16.11.2021, 17:40
Оқылды: 41

Пандемия ойдан шығарылған - фейк

Қазнет пайдаланушылары пандемия кезінде жұмыс істеуге мәжбүр болғанына қарамастан, азық-түлік дүкендерінің сатушылары мен супермаркеттердің кассирлері COVID-19-бен ауырмайды деп ойланып қалды. Кейбіреулері, дүкен қызметкерлерінің арасында індет ошағы болмағандықтан, пандемия ойдан шығарылған деп санайды. Бұл жаңсақ пікір. Неге екенін stopfake.kz сайты түсіндірді.

211112164201917e

Біріншіден, COVID-19 пандемиясының басында әлем бойынша сауда үйлері мен дүкендерінде тұрақты түрде дезинфекциялау сияқты қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілді, кассаларға қорғаныс әйнектері орнатылды. COVID-19 диагнозы расталған адамдар карантинге қамалды, демек олар азық-түлік дүкендеріне бармады.

Екіншіден, сатушылар мен кассирлер COVID-19–бен ауырмайтыны миф. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында АҚШ-та азық-түлік дүкендерінің кем дегенде 41 қызметкерінің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Кейіннен бұл көрсеткіш артты. Биыл қыркүйек айында Штаттарда қайтыс болған 500 сауда қызметкері туралы хабарланды. Азық-түлік және сауда қызметкерлерінің халықаралық одағы ағымдағы жылдың сәуір айында дүкен қызметкерлері арасында COVID-19 жұқтырудың кем дегенде 91 400 жағдайы тіркелгені туралы хабарлады. Сатушылар мен кассирлер арасында COVID-19 симптомсыз тасымалдаушыларының саны алаңдаушылық тудырады. Өткен жылдың қазан айында рецензияланған BMJ ғылыми журналында жарияланған мақалаға сәйкес, COVID-19-ға тест тапсырған дүкендер мен сауда орталықтары қызметкерлерінің 76%-ы аурудың симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты. E1.ru. басылымы да «ауырмайтын» сатушылар құбылысына қатысты түсінік берді. Сауда қызметкерлері арасындағы аурушаңдыққа қатысты мақалада ірі супермаркеттердің кассирлерінің көбінде SARS-CoV-2 вирусына антиденелер анықталды, бұл олардың жеңіл немесе симптомсыз түрде ауырғанының және дәрігерлерге жүгінбегенінің белгісі. Сауда қызметкерлері КВИ-мен ауырмайды және осы ауру салдарынан өлмейді деген теория дұрыс емес. Демек, пандемия – бұл әлемдік қастандық деген тұжырымға да сенудің қажеті жоқ. Бұл қастандық теориясын туралы біз егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале