17.11.2021, 15:05
Оқылды: 56

Ел чемпионатынан жүлде алды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Президенттік сынақ спорт түрлерінен VI ел чемпионаты өтуде.

10
Отанымыздың әр аймағынан келген кіл мықтылардың басын қосқан спорт додасында өңір намысын қорғап жатқан құрама сапында бәйтерктік Ақылбек Қабдолмәжит пен Ляззат Төлепбергенова бар. Бәсі биік болған соң оған халықаралық додаларда жүлде салған мықтылар қатысуда.
100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, 1000 метрге шабу, мылтық ату, кермеге тартылу, граната лақтыру және жүзу сияқты жеті спорт түрін біріктірген сынақ жарысның алғашқы күні аяқталды. Қорытындысында 18-23 жас аралығындаағы спортшылар бәсекесінде 1000 метрге жүргірген Ақылбек Қабдолмәжит үздік үштікке ілігіп, облыс қоржынына қола жүлде салды.
-100 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру сынында төртінші нәтиже көрсеттім. Әсіресе ұзындыққа секіргенде қарсыласыма 1 сантиметр жеңілгенім өзекті өртейді. Бірақ жинақталып, шақырымға шапқанда үштікке іліктім. Бұл мен үшін жақсы көрсеткіш,-дейді Ақылбек Қабдолмәжит.
Енді спортшылар мылтық ату, кермеге тартылу, граната лақтыру және жүзуде сынға түседі. Бұл бәсекелерде үкілеп қосқан тағы бір үмітіміз Ляззат Төлепбергенова жүлде алады деген сенімдеміз. Өйткені оның сүйікті дисциплинасы мылтық ату.
Ақылбек те намысты қолдан бермеуге тырысуы керек.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале