17.11.2021, 15:50
Оқылды: 48

Қазақстанда қанша бала вакцина салдырды

Қазақстанда 3 300 бала Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова балалар вакцинациясын бақылау үшін елордалық мектепке барды.

«Елімізде коронавирус балалар вакцинациясы басталды. Вакциналау екі жерде – мектептерде және емханаларда жүргізіледі. Ол ата-аналардың қалауымен шешіледі. Бүгінгі таңда ел бойынша 3 300 бала вакцина алып үлгерді. Дәрігерлермен де кездесіп жатырмыз, барлық облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен сөйлесіп отырмыз. Балаларға қатты жанама әсер болған жоқ», - деді Ажар Ғиният тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-министр бұл жұмыстың жоспарлы, жүйелі түрде, ата-аналар келісімімен, дәрігерлердің рұқсатымен жүргізілетінін еске салды.

«Балалар мен қатар жүкті әйелдер, емізулі әйелдер сияқты коронавирустан сақтау бойынша қатерлі топтарымыз бар, сондықтан олар Pfizer вакцинасын алады», - деді А. Ғиният.

Айта кетейік, елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді.

«Министрлік Pfizer компаниясының Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын вакцина сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Республикаға 379 мың доза көлемінде бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале