19.11.2021, 22:15
Оқылды: 23

Екі қола, бір алтын

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Президенттік сынақ спорт түрлерінен VI ел чемпионаты жалғасуда.

8

Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйытқы болуымен оздырылып жатқан чемпионатқа еліміздің он төрт облысының екі жүзге жуық спортшысы бақ сынауда.

7

Қысқа, ұзақ қашықтықтарға жүгіру, ұзындыққа секіру, нысана ату, кермеге тартылу, граната лақтыру және жүзу секілді спорт түрлерін қамтитын доданың кезекті жарыс күнінде өңір намыс жықпаған бәйтеректік Ляззат Төлепбергенова мен Ақылбек Қабдолмәжит жеңіс тұғырынан көрінді.

9

Алдымен Ляззат Төлепбергенова граната лақтыру сынында үздік үштікке енді.

Одан бөлек, мылтық ату жарысына шыққан Ляззат жанына жақын нысанаға ату спорт түрінде шашасына шаң жұқтырмай, ел чемпионатының алтын медалін иеленді. Сондай-ақ мергендер сынында бақ сынаған Ақылбек Қабдолмәжит ел біріншілігіндегі екінші қола жүлдеге қол жеткізді.

Бәйтеректік спортшылардың айтуынша, жоғары деңгейде өтіп жатқан чемпионатта әр сайыс түрінен кем дегенде он-он бес спортшы қатысуда екен. Тартысты бәсекеде қарсыластардың алдын орау кім-кімге де оңайға соқпасы анық. Дегенмен, спортшылар барын салуда.

10

-Қатысушылар арсында халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылар көп. Үздіктермен терезесі тең өнер көрсету – біз үшін жетістік. Жалпы өзім нысанаға ату спортын жанымдай жақсы көремін, сол үшін де осы сайыс түрінен есемді жібермеуге барымды салдым. Осы кезге дейін жасаған дайындығым өз жемісін берді,-дейді жеңімпаз Ляззат Төлепбергенова.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале