Өзбекстанда дәстүрлі каратэ бойынша ашық Азияның чемпионаты өтті.
Ашық чемпионатқа Америка, Еуропа, Африка және Азия құрлықтарынан 760 спортшы қатысты. Осы додаға қатысқан шәкірттеріміз – Орал өңірінің жас каратэшілері жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебемізді асқақтаты.
Атап айтқанда, жекелей сында Ката бағдарламасы бойынша Абылай Өтеулі алтын медаль,
Шұғыла Сағындық күміс медаль, Нұрболат Нұртас қола медаль алды.
Командалық ката бойынша 12-14 жастағы ұлдар арасында Абылай Өтеулі, Әлихан Шоханов, Нұртас Нұрболат қола медальды жеңіп алса, 12-14 жас қыздар арасында Шұғыла Сағындық, Дана Ибрашева, Нұрай Азимуратова алтыннан алқа тақты.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тамаша тарту жасаған өрендерімізді құттықтай отырып, спортта бағындырар белестерінің көбейе берулерін тілейміз.
Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі