Батыс Қазақстан облысында тағы бір автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 23 қараша күні сағат 09.40-та Теректі ауданы аумағында болды.
Самара-Шымкент күре жолының 274-шақырымында Барбастау ауылы маңында 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21099» автокөлігі отқа оранды.
«Тілсіз жау» сағат 10.12-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Осымен соңғы екі күнде облыста 2 автокөлік жанып кетті. Жыл басынан бері өртенген көліктер саны 92-ге жетті.