24.11.2021, 15:20
Оқылды: 63

Шалқар округінде сайлауалды кездесулер басталды

28 қарашада Теректі ауданының Шалқар ауылдық округінде округ әкімін сайлау тағайындалғаны жөнінде хабарланған болатын. Шалқар ауылдық округі әкімі лауазымынан үміткер үш адам Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өткен. Үшеуі де өзін-өзі ұсынған азаматтар. Олар: мемлекеттік қызметкер Айнұр Нұрышева, «Теректі мал жәрдемі» мекемесі директорының орынбасары Алмас Юмабаев және жұмыссыз Сабырбек Мусин.

e835a22d-6ae8-4682-a0f0-56830a79c882

Қазір олар өз сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстыру шараларын өткізу кезеңінде.

Округ әкімі лауазымына үміткер Сабырбек Мусин округтегі елді мекен – Шалқар ауылында болып, тұрғындармен кездесті.

Шалқар ауылдық округі орталығы – Сарыөмір ауылынан 7 шақырым жерде жатқан шағын ауылдың   тұрғындары негізінен ата кәсіп – мал шаруашылығымен айналысады.  30 үйлі ауылда 150 жуық адам тұрады. Әлеуметтік нысаннан бары – бастауыш мектеп. Тұрғын үйлерге көгілдір отын тартылған. Көше жарығы орнатылған.  Аудан әкімдігінің қолдауыменен биыл ауылға құбырмен таза су жеткізілген.

beace543-4175-4d7a-9e9d-1879fbb1cb44

-Мен, өз тарапымнан, сайлауалды бағдарламамды таныстырдым.  Ауыл тұрғындары өз қажеттіліктерін айтты. Олар әр үйге су құбыры тартылуын сұрайды . Ең бастысы,  қыс-көктем мезгілінде жол қатынасы қиын.  Ауылға дейінгі  5 шақырым жолды көтеріп, қиыршық  тас төселсе екен дейді.   Және де, ауылда медициналық пункт ашылса деген тілектерін жеткізді,- дейді С.Мусин.

Сайлауалды кездесу шаралары, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, округ аумағындағы басқа да елді мекендерде жалғасын табады.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале