25.11.2021, 10:46
Оқылды: 48

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді

Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған коронавирус инфекциясына қарсы вакцина  тіркелді. Бұл туралы Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы басшысының орынбасары Денис Логунов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеме жасап.

photo_90280

РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, вакцина "Спутник V" мен бір платформада жасалған, 21 күн аралықпен енгізілетін екі компоненттен тұрады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов жасөспірімдерді вакцинациялау ерікті екенін, ол ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен салынатынын айтқан болатын.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Виктор Фисенко жасөспірімдердің ата-аналарына балаларына екпе салдыруды сұрады.

"Мен ата-аналарға бұл екпенің қауіпсіз екенін айта отырып, мүмкіндігінше толықтай алуға шақырамын", - деді ол "Россия 24" телеарнасының эфирінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале