26.11.2021, 10:00
Оқылды: 32

Жүргізушілердің жаттығуы

Оралда Ұлттық ұланның жас жүргізушілері теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетіп, жауынгерлік машинамен су кедергілерін еңсерудің барлық мүмкіндігін қарастырды.

3

Құрамында 1-2021 шақырылымының жас жүргізушілері бар Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517-әскери бөлімінде аутокөлік колоннасының 150 шақырымдық маршы, яғни арнайы тактикалық сабақ өтті. Әскери техникаға арналған марш –  жолдар мен колонна маршруттары бойынша взвод немесе рота колоннасының құрамындағы жай жүріс емес. Біріншіден, бұл шеруді жоспарлау мен ұйымдастыруға барлық дәрежедегі командир жауапты. Жас жүргізушілер жауынгерлік машиналарды басқаруда, қиын жағдайда маневр жасауда, түрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдық танытты.

Оқу-жаттығу барысында әскерге шақырылғандар қиын жағдайларда – әр түрлі кедергілерді еңсеруде, шектеулі және ойық өтпелерде, бөгеттерде және радиациялық аймақтарда көлік жүргізу дағдыларын көрсетуі тиіс. Қарсыластың шабуылын тойтару және аялдамалардағы тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Жаттығуға Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың жазында шақырылған мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер қатысты. Сондай-ақ осы 150 шақырымдық марш жас жүргізушілерді қосымша дайындаудың соңғы кезеңі болды.

Жеке құрамның тамақтануын қамтамасыз ету үшін далалық асхана мен шатырлар бөлінді. Шеру барысында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамының тұруына барлық жағдай жасалып, әскери қызметшілерге арналған жуу пункттері, далалық жанар-жағармай құю бекеті орналастырылып, жанар-жағармаймен, отынмен, азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіліп, үш мезгіл тамақ берілді. «Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылған кезде әскери техниканы былай қойғанда, жол талғамайтын көлік жүргізуде де тәжірибем болған жоқ. Мұнда мен көлік жүргізуді ғана емес, тіпті қиын жағдайда өзім шешім қабылдауды үйрендім», – дейді сақшылардың бірі, қатардағы жауынгер Қайрат Сапашев. Осы сабақтан кейін жас жүргізушілерге әскери көліктерді өз бетінше басқаруға рұқсат берілді.

Ертуған Әубәкір,

капитан,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале