26.11.2021, 16:50
Оқылды: 102

Марапат төрінде – жомарт жандар

Жаңақала ауданында орналасқан «Асылым» мейрамханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған «Туған жерге тағзым» жобасы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Жомарт жүрек - 2021» сыйлығының номинацияларын табыстауға арналған салтанатты жиын өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» премиясының мақсаты – халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру, көтермелеу және туған өлкесін дамытуға қатысуға жәрдемдесу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет және мейірбандық идеяларын танымал ету. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі  Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасары, мекеме, дербес бөлім басшылары, аудан меценаттары мен аудан жастары қатысты.

IMG_8259

Жиында алғаш боп сөз алған аудан әкімі Дархан Әмірханұлы құттықтау сөз сөйлеп, қайырымды іс жасаған жомарт жандарға алғысын білдіріп, ақ тілегін жолдады. Одан әрі белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі мен меценаттық жобаларды жүзеге асырғаны үшін «Жомарт жүрек - 2021» номинациясы бойынша марапаттау рәсімін бастады.

Нақтырақ айтсақ, қаржылай көмек көрсеткен «Ерсұлтан» шаруа қожалығының басшысы Сәндігүл Есмағұлова «Жыл тұлғасы», «Әділет» шаруа қожалығының басшысы Асхат Мүсірепов «Жыл меценаты», «Е.Байдеуов» шаруа қожалығының басшысы Ержан Байдеуов «Жыл меценаты», Жайылхан Жұбаналиев «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясын жеңіп алды. Ал «Руханият» қоғамдық бірлестігі «Жылдың үздік ұйымы» бағамына лайықты деп танылды. Бұдан соң «Жомарт жүрек» премиясының «Туған өлке» номинациясымен Жаңақала орта мектебінің 1981, 2001 жылғы, Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінің 2001, 2011 жылғы, Жаңажол ЖОББ мектебінің 1991 жылғы, С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектебінің 1981 жылғы түлектері иеленді. С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектебінің 1991 жылғы, Пятимар ЖОББ мектебінің 1991, 2001, 2011 жылғы,  Е.Орақбаев атындағы ЖОББ мектебінің 2001, 2011 жылғы түлектері және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын ұйымдастыруда белсінділік көрсеткені үшін Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Бектілеу марапатталды.

IMG_8351

Келесі кезекте «Жомарт жүрек» премиясының «Туған өлке» номинациясын табыстау үшін сахна төріне «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов шақырылды. Ол ауданның атымдай жомарт  азаматтарын құттықтай отырып,  ауылдар мен елді мекендерді абаттандыруға, ескерткіш белгілер, демалыс бақтары мен балалар ойын алаңдарын салуға демеушілік көрсетіп, ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруда ұйымшылдық көрсеткен тұлғаларға жүлделерін табыстады. Олардың қатарында Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінің 1996 жылғы түлектері, Көпжасар ауылдық округінің жастары, Көпжасар ауылдық округінен Эдуард Қуанышев, С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектебінің 2006 жылғы, Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 1991, 2001,  2006, 2011 жылғы түлектері бар. Сонымен қатар Пятимар ЖОББ мектебінің 1996, 2006, 2016 жылғы түлектері, Пятимар ауылдық округі Аққұс елді мекенінің шаруа қожалықтары, М.Мирманов атындағы ЖОББ мектебінің 2001, 2011, 2016 жылғы түлектері, Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Дулат Борашев та марапатқа ие болды. Аталған жомарт жандар ауқымды игі іс жасап, қайырымдылық шараларына үнемі атсалысып отырады. Ауылының көркеюіне үлесін қосып, жерлестеріне қолғабыс білдірген жандарды құрметке бөлеген салтанатты жиында ауданымыздың өнерпаздары марапат иелерінің құрметіне тамылжыта ән шырқап, әсем көңілді кешті аяқтады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале