4 желтоқсан күні Орал қаласындағы М. Ықсанов көшесінде, ал 5 желтоқсанда «Ел ырысы» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке әдеттегідей сағат 9.00-13.00 аралығында ұйымдастырылады. «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ стратегиялық даму департаментінің хабарлауынша, бағаны тұрақтандыру қорынан 20 тонна картоп, 3 тонна пияз және 1,5 тонна сәбіз саттыққа шығармақ. Картоп–137, пияз–86 және сәбіз 179 теңгеден сатылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге әр ауданнан үш-төрт шаруашылық өнімдерін әкелмек.
zhaikpress.kz