EnergyProm порталының мәліметінше, рейтинг көрсеткіші бойынша 10 орында тұрған Қазақстанда шығарылатын JAC машинасының жылына 2,2 мың данасы сатылса, 15-орында тұрған Haval көлігінің сәуір айынан бері 833-і өз иесін тапқан.
2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан Республикасының дилерлерімен 96,8 мың жеңіл және коммерциялық көлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға артық. Ең көп сатылған көліктердің қатарында Chevrolet – 25 мың, Hyundai – 19,4 мың және Toyota 11,4 мың маркалы машиналары тұр. Қытайлық брендтердің де автокөліктері жақсы өтуде, сатылған көліктердің бір жыл ішіндегі үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өскен.
Желтоқсан айында Ресейде өзін танытып үлгерген қытайлық Chery брендінің Қазақстанда сатылымы басталады. Бұдан былай Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлесі тек өседі деп күтілуде.
Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда 9,3 мыңға жуық жеңіл және коммерциялық көлік сатылған және бұл 2020 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мұнымен қатар Еуропадағы автокөлік сатылымы 29,3%-ға төмендеді – бұл еуропалық нарық тарихындағы сәйкес айдағы ең нашар нәтиже болып отыр.