3.12.2021, 19:19
Оқылды: 49

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 Желтоқсанның 3-і күні М.Өтемісов атындағы БҚУ-да «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: Ұлт санасының жаңғыруы және Ұлы Дала құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

F36138B7-B120-4DF1-B0D8-BE52803CA298

Конференцияның ашылуында мәдениет және өнер факультетінің оқытушысы Айгерім Нагиденова, аталған факультеттің студенттері Гүлжанар Жайғали мен Назерке Қазбекова ақын Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр – Қылыш» күйін тартты. Университет студенттері Махамбет жырлары мен Фариза Оңғарсынова өлеңдерін жатқа айтты. Филология факультетінің 1-курс студенті Кеңес Ертай «Тәуелсіздікке арнауын» оқыды. Одан кейін Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Абат Қыдыршаев іс-шараның мән-маңызын түсіндірді.

Конференцияда М. Өтемісов атындағы ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қажымұрат Ахмеденов рухани құндылықтарды жаңғырту маңызды екенін айтты. Алматы қаласынан онлайн байланысқа шыққа, Қазақстанның қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман қазақ тілінің қоғамдағы рөлі туралы айтты. Ғылыми мәжіліске үн қосқан Саратов облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Айдос Арыстанов «Саратов облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы: мақсаты, міндеттері», Павлодар педагогикалық университетінің Margulan Centre «Рухани жаңғыру» зертханасының меңгерушісі Еңлік Абеуова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған Margulan Centre негізгі жобалары» тақырыбында баяндама жасады. Дөңгеле үстелде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр, БҚО «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айгүл Туркина, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы  Болат Жексенғалиев, БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Рақымжан Хамза тіл тағдыры, тарихи мұра, ашық сана, ұрпақ тәрбиесіне қатысты келелі ой-пікірлер, ғылыми тұжырымдар мен тың көзқарастарды ортаға салды.  Конфереция барысында Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасының директоры Тоты Әлімбекерова «Тәуелсіздік – қазақ халқы рухының қайнар көзі» тақырыбында көрменің жабдықталуын тиянақты түсіндірді.

 Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале