Таяуда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласы білім беру бөлімінің бастамасымен қолға алынған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» марафоны аясында мектептен тыс жұмыс орталығы Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «QAZAQ ОЙЫНДАРЫ FEST-30» қазақ ұлттық ойындары фестивалін өткізді.
Ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатындағы фестиваль аясында қазақ ұлттық ойындарынан топтық және жекелей жарыстар ұйымдастырылды.
Фестивальға қатысқан қала мектептерінің 200-ге жуық оқушысы, саябаққа келген қала тұрғындары ұлттық ойындардың 30 шақты түрін таза ауада ойнап, сергіп қайтты.
Шара соңында қатысушылар және ұйымдастырушылар қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі