8.12.2021, 22:04
Оқылды: 33

Сырымда ашық тәрбие сағаттары өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай  Сырым ауданында "Егеменді елдің еңсерген 30 жылы" атты бірыңғай ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

6719E6F7-AE50-41B6-B33B-CCC820C8D4C7

Жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттарына Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аппарат басшысы Медет Мырзаш бастаған аудандағы мекеме-ұйым басшылары әрбір округтегі, елді мекендердегі 20-ға жуық мектептер мен Сырым колледжінде тәлім сағаттарын өткізді.

42EB4BB7-9CB4-4B0F-955C-8929CEB27745

Тәрбие сағаттары еліміздің өткені мен бүгіні, болашағы жайындағы оқушылардың пікірсайыстары мен танымдық ашық сабақтарына толы болды.

Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы мен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов Бұлдырты орта мектебінің оқушыларымен жүздесіп, еркін форматта әңгіме өрбітті.

CC45EF71-DFCA-44C6-ADCC-EDADE4308FFE

Айта кету керек, аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздікке арналған бірқатар танымдық шаралар, рух беретін "Атамекен" челленджі де бүгінде аудандағы мекеме қызметкерлері тарапынан қолдау тауып отыр.

- Тәуелсіздіктің мәртебесін биікте ұстап тұру, оны жас ұрпаққа насихаттау - біздің борышымыз. Болашақ - елін сүйетін жастардың қолында. Жыл бойы тәуелсіздікке арналған рухани, танымдық шаралар да осы мақсатта өткізіліп келе жатыр. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай, - дейді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале