9.12.2021, 15:30
Оқылды: 45

Оқыту семинары өтті

Подстепный мәдениет үйінде Теректі ауданы аумағындағы сайлау комиссиялары құрамына оқыту семинары өтті. Шараны Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Кенжеғұлов жүргізіп отырды.  

IMG-20211209-WA0030

Биылғы жыл Қазақстанда демократиялық өзгеріске жол ашқан, халық үшін зор маңызы бар науқан – ауылдық округ әкімдерін төте сайлау, яғни әкімді жергілікті халықтың дауыс беріп сайлауы өтті. Сайлау сапалы әрі нәтижелі өтті деуге толық негіз бар. Осы орайда сайлаудың басты жүгін жергілікті сайлау учаскелерінің мүшелері көтергені сөзсіз. Сондықтан да аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілік, заңнамалар жағынан «тағандалған» болуы өте маңызды.

Осы мақсатпен ұйымдастырылған оқыту семинарында  Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының жауапты мүшелері – төраға орынбасары Вячеслав Иночкин, хатшысы Күнсәуле Аралбекова, мүшесі Аманкелді Давлетжанов сайлау заңнамаларындағы өзгеріс-толықтырулар, құжаттар толтыру және т.б тақырыптарды қозғады. Және Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының  орынбасары Софья Кинжигареева тәжірибе бөлісті. «Батыс Ай Ти» оқу орталығының өкілі Фархад Хайретдинов те осы тақырып төңірегінде сөз қозғады. Қатысушылар сұрақ қойып, тұшымды жауап алды. Сол жерде сайлау заңнамалары мен ұйымдастыру-өткізу тәртібіне қатысты сұрақтарды талқылаған олар өз қызметтеріне қатысты пайдалы мәліметтерге қанықты.

Семинар соңында сайлау науқанында жауапкершілік танытып, сауатты өткізген бір топ теректілікке орталық және облыстық сайлау комиссияларының алғысхаттары табыс етілді.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале