Алғабас ауылының атымтай азаматтары, «елім» деген ерлері, орта мектептің әр жылғы түлектері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдың қарым-қабілеті мықты өрендер тәрбиелеп жатқан қазақша күрес үйірмесіне 1 млн 600 мың теңге тұратын татами мен спорттық жабдықтар, спорттық киімдер алып берді. Сапасы жоғары, стандартқа сай татами арнайы тапсырыспен Ресейдің Самара қаласынан жасалып, «Алғабас» деген жазумен өрнектелген.
Бүгінде «Қайсар» спорт клубының әдіскері, белді бапкер, палуан Ғанимат Жұбашев жаңа кілемде 20-ға жуық болашақ чемипондарды тәрбиелеуде. Жас палуандар алаңсыз жаттығуда.
Тарих Төлегенов, Қазболат Құрмашев сынды талай спорт саңлақтары, бірнеше спорт шеберлері шыққан Алғабастан тағы да жауырынын жерге тигізбейтін палуандар шығары сөзсіз.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz