10.12.2021, 17:20
Оқылды: 46

БҚО-да 251 мың адамға вакцинаның бірінші компоненті салынды

Батыс Қазақстан облысында 251 611 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210401123842535a3770863i

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, бұл – екпе егілуге тиіс тұрғындардың 60,7 пайызы.

Соның ішінде 179 821 адам ресейлік «Спутник V» вакцинасын қабылдады.

Сондай-ақ 236 067 адам вакцинаның екінші компонентімен егіліп үлгерді.

Г.Әбдірахманованың айтуынша, облыс бойынша 3376 адам Pfizer компаниясының вакцинасымен егілді.

Соның 1967-сі жасөспірімдер болса, 92-сі – жүкті, 1317-сі – бала емізетін әйелдер.

Оған қоса 2825 тұрғын ревакцинациядан өтті.

«Күні бүгінге дейін өңірде тіркелген 39 873 науқастың 38 376-сы немесе 96,2 пайызы жазылып шықты. Соның 15 068-і стационарлық, 23 308-і амбулаторлық ем алды. Пандемия басталғаннан бері 842 адам коронавирустан көз жұмды. Қазіргі таңда 286 науқас амбулаторлық, 112-сі стационарлық ем алуда. Соның ішінде 11-і жансақтау бөлімшесінде жатыр. Індеттен қорғанудың сенімді жолы екпе алу екендігін ұмытпайық. Сондай-ақ иммунитет деңгейін бірқалыпты ұстап тұру үшін ревакцинациядан өту қажет», деді Г.Әбдірахманова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале