Шарджаның атқарушы кеңесі шешім "БАӘ-нің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тұжырымдамасына сәйкес" қабылданғанын айтты. Осылайша, Шарджада мемлекеттік мекемелер үшін жұмыс аптасы дүйсенбіден бейсенбіге дейін қысқарады, ал демалыс күндері жұмадан жексенбіге дейін созылады.
"1 қаңтардан басталатын бұл өзгеріс іскерлік орта мен экономикалық нарықты қолдайды, сондай-ақ, әлемдік деңгейде дамуға ықпал етеді", - делінген кеңестің хабарламасында.
Шарджа Таяу Шығыстағы мемлекеттік секторды төрт күндік жұмыс аптасына ауыстырған алғашқы аймақ болды. Бұл шешім Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) ресми жұмыс аптасын төрт жарым күнге қысқартып, демалыс күндерін сенбі және жексенбіге ауыстырғаннан кейін қабылданды.