13.12.2021, 9:11
Оқылды: 9

Әлем чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы әлемдік рейтингіде жоғарылады

Қазақстандық боксшы Талғат Шайкен (7-0, 4 КО) титулдық айқаста жеңіске жетіп, Boxrec.com сайтының рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

211213084814531e

Шайкен Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен украиналық Владимир Гордиенконы (9-4, 4 КО) жеңді. Нәтижесінде 21 жастағы қазақстандық WBC тұжырымы бойынша бос тұрған жартылай орта салмақтағы «жастар арасындағы» әлем чемпионы титулын иеленді.

Талғат Шайкен BoxRec рейтингінде 79-ыншы орыннан 63-ке көтерілді. Спортшы өткен жылы тамызда кәсіпқой бокста дебют жасаған болатын. Содан бері ол жеті рет жекпе-жек өткізіп, жеті рет жеңіске жетті (төртеуі – нокаутпен). Айта кетейік, Алматыдағы айқас оның кәсіби мансабындағы бірінші титулдық жекпе-жегі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале