14.12.2021, 16:30
Оқылды: 67

Шыңғырлауда спорт кешені ашылды

Дүйсенбі күні облыс әкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданында жұмыс сапарымен болып, аудан орталығында бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.45 (1)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында шыңғырлаулықтар үшін тамаша тарту болған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы былтыр сәуір айында басталған. «КПО б.в.» компаниясының тапсырысымен жергілікті «Жиенбай» ЖШС салған нысан 170 көрерменге есептелген.

– Еліміздің ұлық мерекесінің алдында су жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. 2019 жылы мемлекет басшысы облысқа келген іссапарында әр ауданда кем дегенде бір заманауи спорт кешенін салуға тапсырма берген еді.  Мұндай нысандар салып, халықтың спортпен шұғылдануына жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Өйткені басты байлық – денсаулық. Күні кеше ғана Жәнібек ауылында осынай спорт кешені ашылды. Шыңғырлау – талай чемпиондарды өсірген өлке. Енді бұл кешенді игілікке пайдалану ата-аналар мен бапкерлердің қолында. Өйткені мұнда жас ұрпақтың уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалғанған. Сондықтан ауданның ғана емес, облыстың атағын әлемге паш ететін чемпиондар шығады деп сенеміз.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мереке құтты болсын, – деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.44

Сондай-ақ игі іс атқарған «КПО б.в.» компаниясы мен мердігер компанияға алғысын білдірді. Өңір басшысы сонымен бірге спортшыларды тасымалдауға арналған сыйымдылығы 16 орындық «HYUNDAI» автокөлігінің кілтін Шыңғырлау спорт клубының директоры Асылан Тағаниязовқа табыс етті.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.45

- «КПО б.в.» компаниясы жыл сайын облыста көптеген ірі әлеуметтік-инфрақұрлымдық жобаларды жүзеге асырып келеді. Компаниялық әлеуметтік-дамыту бағдарламасы  денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын салуға бағытталған. Аталмыш кешен – компанияның міндеттемелері аясында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің бірі. Мұндай кешендер  ауылдық жерде бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді деп сенеміз. Сонымен бірге еліміздің атын әлемге танытатын кәсіпқой спортшылардың ордасына айналуына тілектеспіз, - деді салтанат барысында сөз алған  «КПО б.в.» компаниясының әлеуметтік нысандар бойынша менеджері Ержан Аубакирұлы.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.45 (2)

Спорт ардагері, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Александр Пятин халық үшін тамаша тарту жасаған облыс басшылығына ризашылығын білдірсе, мердігер компанияның басшысы Александр Қарағойшин кешеннен елдің көк туын желбіретер спортшылардың көп шығуын тіледі.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.47

Шыңғырлау спорт клубының директоры Асылан Тағаниязовтың айтуынша, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары осы жаңа нысанда шынығатын болады. Сондай-ақ 5400 адамның бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасалған. Волейбол, баскетбол, футбол, гір көтеру, бокс, күрестің 4-5 түрінен, дойбы мен шахмат және спорттың басқа түрлерінен секциялар жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.49

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.48 (1)

Мұнан соң өңір басшысы мен салтанатты жиын қонақтары су жаңа кешеннің ішін аралап көрді. Ғали Нәдімеденұлы әр секцияда жаттығып жатқан балалармен тілдесіп, бапкерлердің жұмыс барысымен танысты. Олардың бұқаралық спортты дамытып, кешенді  игіліктеріне пайдаланулары қажеттігін айтты. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тілекші Кереев бұл жерде паролимпиадаға қатысатын спортшылар  үшін де барлық жағдай жасалғанын зор ризашылықпен жекізді. Шаңғы тебу мен жеңіл атлетикадан облыс және республикалық жарыстардың чемпионы  Оксана Рудь жаңа кешенде зор құлшыныспен жаттығып, биік белестерді бағындыруға тырысатындарын айтты.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.46 (1)

Облыс басшысы одан соң осы ауылда тұратын тыл еңбеккері, 97 жасқа келген Қалима Жұмабаеваның шаңырағына барып, алдағы Ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығы мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы абзал ана Қалима Есенаманқызына зор денсаулық, ұрпағының амандығын тіледі. Кейуана өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді. Кейуана 1924 жылы 12 қаңтарда осы ауданға қарасты Қызылкөл ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында егістікте жұмыс істеп, кей жылдары аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жұбайы Жандәулет Джумабаев екеуі тәрбиелеп өсірген 5 ұл-қызынан тараған немере-жиен, шөбере-неменелерінің қызығына бөленіп отыр.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.50

Облыс башысы Ғали Есқалиев одан соң аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты іс-шараға қатысты.  ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатта марапаттар табысталды.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.51 (1)

- Биыл қазақ елі арайлы азаттығының 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Баршаңызды  ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қиындыққа мойымайтын ерік-жігері мен қайсарлығының арқасында 30 жыл ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдени-рухани келбеті арта түсті. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың жас мемлекетіміздің босағасын бекітіп, шаңырағын көтеруге жұмсаған ісі мен халықтың ерен еңбегінің арқасында біз бүгінде ұлт аралық татулық пен дінаралық келісімді түлеткен берекелі елге айналдық. Осы уақыт аралығында тәуелсіздіктің қуаныш сезіміміен қатар, қайта құру заманының қиындықтары да бірге жүргенін білесіздер. Тоқырау кезеңіндегі бастан кешкен қиындықты халық әлі ұмыта қойған жоқ. Тек еселі еңбектің арқасында қиндықтан сүрінбей өтіп, бүгінде өзге елдермен терезесі тең болды. Осының бәрі тәуелсіз ел жастарына сабақ болу керек. Тәуелсіздік алған сәттен күні бүгінге дейін елімізде атқарылған жұмыстар ауқымын айтып жеткізу мүкін емес. Білім беру, денсаулық сақтау салалары дамып, заманауи зауыт-фабрикалар бой көтеріп, өнеркәсіп өндірісі артты. Аудан орталықтарына жол, су, газ жеткізілді. Отыз жылда Шыңғырлау өңірінде де көптеген оң өзгерістер орын алды. Бүгінде ауданның бұрынғысы мен қазіргі кезін салыстыру мүмкін емес. Мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік нысандар салынып, күрделі жөнделіп, ауылдарға ауыз су мен табиғи газ жеткізілді. Көптеген ауылдарға жол салынып, аудан аумағы абаттандырылды. Осы жұмыстардың басы-қасында Шыңғырлау ауданының халқы тұрды. Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына  ат салысқан  ауданның әрбір тұрғыны бұл мерекені жүрегімен сезінуі керек. Ең  бастысы елде жүргізіліп жатқан барлық жұмыстың негізгі мақсаты - ол азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту екенін естен шығармауымыз керек. Азат елдің ұрпағы ретінде біздің алдымызда отыз жылда жасалған игі істерді жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен ата-баба дәстүріне қамқорлық жасау міндеті тұр. Мәңгілік ел мұратына жету үшін бірлігіміз бекем, рухымыз биік болсын. Ұлық мереке күні дендеріңізге саулық,  шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын, - деді Ғали Есқалиев салтанатты жиында.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.51

Облыс басшысы одан әрі аудандағы әр салада еселі еңбек етіп жүрген бірнеше шыңғырлаулықты «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Бұл марапатқа ие болғандардың қатарында «Ерназ» шаруа қожалығының механизаторы Еркін Айманғалиев, Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің жауапты хатшысы Гүлшат Ботанова, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  бөлім жетекшісі Райхан Жалетова, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Мира Зұлқашева, еңбек ардагерлері Бақытжан Сапаров пен Қажғали Қарабалиев, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова және басқалар бар. Сондай-ақ ауданның еңбек ардагері Зүбаржат Адигамова, спорт ардагері Александр Пятин, Ақтау ауылдық округіндегі Қарлығаш бөбекжайының тәрбиешісі Алтынай Қазымова және басқалар облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.47.52

Салтанатты іс-шара одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале