18.12.2021, 17:50
Оқылды: 38

Жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус жұқтырған

Жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырған.

d9b3dc1ce23048e4878b168a8f7e2b7a

Жалпы, Сovid-19 пандемиясы басталғаннан бастап 270 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды, делінеді ТАСС статистикасында.

Бұл дегеніміз, жердің әрбір 30-шы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген сөз, бірақ әлем елдері инфекцияны қайталап жұқтырып алушылардың статистикасын жариялай бермейтіндіктен бұл есепте кішкене қателіктер болуы мүмкін.

Сонымен қатар, әлемде инфекцияның салдарынан қайтыс болушылардың саны да азайып келеді: соңғы жеті күнде 50,1 мың науқас қайтыс болды, бұл өткен аптаның көрсеткішінен 2,2 мыңға аз. Пандемия құрбандарының жалпы саны 5,3 миллионнан асты, яғни әрбір инфекция жұқтырған 50-ші адам коронавирустың кесірінен қайтыс болған.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале