19.12.2021, 11:20
Оқылды: 31

Коронавирус: Тағы бір вакцина ресми тіркелді, Лондонда төтенше жағдай жарияланды

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады.

4B99D4CA-E007-4CD8-BE34-091D9B0DCF04

Коронавирус Ұлыбританияны жайлап барады. Соңғы күндері мұнда инфекция жұқтырудың бұрын-соңды болмаған көрсеткіші тіркелді - тәулігіне 90 мыңнан астам.

Бір күн бұрын 92,503 жағдай анықталды және бұл пандемия кезінде абсолютті антирекордқа айналды.

Омикронның таралуына байланысты Патшайым Елизавета II отбасылық Крисмас алдындағы кешкі асты өткізбеді.

«Ресми мәліметтерге сәйкес шамамен 10 000 адамға «омикрон» штамы диагнозы қойылған, дегенмен Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы бар адамдардың саны екі есе көп болуы мүмкін» дейді тәуелсіз сарапшылар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы бір covid-19 вакцинасын қолдануды мақұлдады.

Бұл - ДДҰ мойындаған тоғызыншы препарат. Шұғыл қолдану үшін Covovax ұсынылады, ол Үндістанда американдық Novavax компаниясының лицензиясы бойынша шығарылады.

«Коронавирустың жаңа нұсқалары пайда болған кезде де, вакцина адамдарды SARS-CoV-2 ауыр асқынуынан және өлімнен қорғайтын тиімді құралдардың бірі болып қала береді», - дейді ДДҰ бас директорының көмекшісі Марианжела Симао.

Covovax-ты шұғыл жағдайда қолданылатын вакцина тізіміне қосу табысы аз елдерде вакцинацияға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі.

М. Симао 41 ел әлі де өз халқының 10%-ын вакциналамағанын, ал 98 мемлекет бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізбегенін хабарлады.

Лондон мэрі Садық Хан коронавирустың омикрон штамын жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

Ол соңғы 24 сағат ішінде қалада COVID-19 жағдайларының 26 мыңнан асқанын атап өтті. Бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Данияда Үкімет омикронның таралуына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, елде театрларды, кинотеатрларды, ойын-сауық саябақтарын жауып, 22:00-ден кейін алкоголь сатуға тыйым салуды көздеп отыр.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары басқа елден келген саяхатшыларға COVID-19 анықтау үшін үй жағдайында жүргізуге болатын тегін сынақ жиынтықтарын бере бастады.

Жиынтықтарды О ' Хара (Чикаго), Майами және Миннеаполис-Сент-Пол әуежайларынан алуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале