20.12.2021, 10:30
Оқылды: 149

Германия Бундеслигасында қазақстандық спортшы сәтті өнер көрсетті

Үстел теннисінен әйелдер арасындағы Германия чемпионатының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

37a259e40e684fb6818561ef38baa098

«SV Schott» (Йена) спортшылары Анастасия Лаврова, Эже Харак, Майя Куназ, Карлин ван Лиероп Лейпцигте жергілікті «LTTV Leutzscher Füchse 1990» командасына қарсы ойнап, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Отандасымыз Анастасия До Тхи Хуонгты 3:0, Анна-Мари Хельбигті 3:0 есебімен жеңіп, екі ұпай еншіледі. Осылайша Бундеслиганың 10 командасының арасында «SV Schott» (Йена) турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале