20.12.2021, 17:54
Оқылды: 66

Тоқсанның төріндегі ауыл

Пятимар - қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ауылдардың бірі. Жуырда сол ауылда керемет істердің куәсі болдық. «Пятимар» асыл тұқымды жылқы зауытының» құрылғанына 90 жыл толуына орай «Ауылым алтын бесігім. Пятимар – 90 жыл» атты жерлестер форумы өтті.

FB38B78D-05D0-4DC7-AF2D-C1570022E1B1

Пятимар ауылының символына айналған «Азалы ана» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіменен басталған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. «Пятимар» асыл тұқымды жылқы заводының 1982-1989 жылдары директоры болған Мүсір Айтасовқа ауылдық округтің әкімшілік ғимаратында ескерткіш тақта ашылды.

- Құрметті жерлестер, ауылдастар! Пятимар ауылының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын. Мүсір ағамыздың осы ауылға сіңірген еңбегі ерен. Ағамыздың жұбайы және баласы, бірге жұмыстас болған достары осы шараға қатысып отыр. Аға буынның жасаған игі істерін кейінгі ұрпақ біле жүруі үшін осындай маңызы зор шараның болғаны құптарлық іс!-деді аудан әкімі Дархан Закарин. Ақын әрі журналист Закария Сисенғали өз кезегінде Мүсір Иманқұлұлы туралы жылы естеліктерімен бөлісті. М.Айтасовтың жұбайы Балғаным Жантолықызы тебірене сөйлеп, жан-жарын әдемі естеліктермен есіне алды.

A0AD2D7E-0659-4967-8944-F035D7934BB9

Түске дейін болған шара мектептің ішінде орналасқан музейдің ашылуымен жалғасты. Кең әрі жарық бөлмеде әдемі жабдықталған музей Пятимар ауылының тарихынан сыр шертеді. Мектеп директорлары, ауыл әкімдері, еңбек ардагерлері, осы ауылдан шыққан танымал тұлғалардың бәрі музейдің ішінде деректермен нақты әрі түсінікті жазылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тек Пятимар ауылынан 25 мың жылқы жіберілген екен. Біз бұны музей ішіндегі стендтағы мәліметтен білдік.

Мәдениет үйінде өткен жерлестер форумында «Пятимар» асыл тұқымды жылқы заводының құрылғанына 90 жылдығы мерекелік медалімен және аудан әкімінің алғыс хатымен Зәуреш Өтеғалиқызы, Темірхан Әдиетов, Мақсот Сисекенұлы,  Көшентай Сапарұлы, Нариман Қайырлатипұлы, Балғаным Жантолықызы, Рәпіш Балденова, Ғинаят Қарағойшыұлы, Ерболат Мұқанұлы, Болат Кәрімұлы, Мұратқали, Еркеғұлов Нұрлан Аязбайұлы, Қойшекен Еслямғалиев, Едірес Жұмағалиев, Бақтығали Мұсағалиев, Закария Жүсіпқалиұлы, Мақсот Исатаев, Ұлмекен Қажығалиева, Сағадат Қамалов, Зылиха Сағындыққызы, Жібек Қуанова, Күншығар Ілиясов, Құмарғали Қайыржанов, Марат Қоспаев, Зылиха Латипова, Теміреш Ғазизұлы, Жұмағали Нұғманов, Сабырғазы Нұрхатов, Оразғали Төлегенов, Кәрім Өтеғұлов, Ғаббас Сұлтанов, Ерлан Шабақов, Мақсот Мұталұлы марапатталып, қуаныштары еселене түсті.

Талап Хасанұлы, Ермек Ағаділов, Толқын Әдешева, Бауыржан Атауов, Нұрзия Аханова, Жеміс Жұмағазиева, Мұстафа Едіресов, Сәбит Есмағамбетов, Фариза Жұмағазиева, Әмірхан Аянбайұлы, Хамза Ислямғалиұлы, Қазима Исмурзина, Темір Кәкенов, Махмет Қамиев, Нұрым Қаратаев, Қымбат Кенжеғалиева,  Шолпан Рахимқызы, Темірхан Кереев, Айжан Кереева, Мерахмуд Құбашев, Жұмахмет Мұханов, Жұмабай Нұрғалиев, Қазима Нұрманова, Олжас Рахимов, Нұрман Хайрелов, Бақтығали Сәлиев, Нұрболат Төлепов, Сисенғали Өтегенов, Мырзахмет Хасанғалиев, Кәдір Темірғалиұлы, Ермекқали Мәжікенұлы, Гүлюся Батырова, Мақсот Нұрмұқанұлы сынды аталарымыз бен әжелеріміз аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы жасалған естелік сыйлыққа ие болды.

Жерлестер форумында еселі еңбек етіп, ауылдың дамуына үлесін қосқан жандар сөз сөйлеп, оқиғаларымен бөлісіп, елге алғыстарын білдірді.

Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале