20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсанда дүниеге келген нәрестелерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-бокстары тапсырылды.
«Сүйінші» сыйлық жинағына «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараттандыру брошюралары, жаңа туған нәрестеге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары кіреді. «Сүйінші» сыйлық жинағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аналарымызға құттықтау хаты да бар.
Сыйлық жинақтары Казталов ауылынан Зәмзәгүл Ералиева, Жас ауылынан Айгүл Өтегенова, Қараөзен ауылынан Асемгүл Сүлейменова, Ақпәтер ауылынан Дания Сейтқалиева, Нұргүл Әубекерова, Қараоба ауылынан Айнур Байзухановаға тапсырылды.
Арнайы жинақты «Қазпошта» АҚ Казталов аудандық байланыс торабының басшысы Айжан Айтқалиева және жеткізу бөлімінің мамандары табыстады.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz