24.12.2021, 22:26
Оқылды: 26

Бәйтерек ауданының әкімі үздік жас спортшылармен кездесті

Грэпплингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрболат Бахибаев, каратэ-до шотаканнан әлем чемпионы атанған Арсен Кулов, таэквондодан Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері Даниил Рубцов, акробатикадан әлем біріншілігінің жеңімпазы Ислам Қабдолов және жеңіл атлет, қысқы Президенттік көпсайыстан ел чемпионы Наталья Панова сынды Бәйтерек ауданының ғана емес, облысымыздың, еліміздің атын алты қырдан асырып, талай байрақты бәсекенің алдын бермей жүрген спортшылар аудан әкімі Марат Тоқжановтың қабылдауында болды.

AD1B2036-8C30-4FE1-8AE5-8AA1E12E008E

Қабылдауға жас спортшылардың ата-аналары мен бапкерлері де келді. Ашық форматта ұйымдастырылған жиында аудан әкімі әр спортшының жеткен жетістігі туралы сұрап біліп, олардың қолдаушыларына да ризашылығын білдірді.

369CEAF2-8E56-43E7-BE3F-48E27617CCAE

– Спорт – елдің еңсесін көтеріп, рухын жанитын өнер. Жас болса да өздерін тек жақсы да мықты қырынан таныта алған өздеріңдей спортшыларға құрмет көрсету – елдің міндеті. Сіздер өз өнеріңіз арқылы артыңыздан ерген іні-қарындастарыңызға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бүгінгі жетістігіңіз – алда алар асуларыңыздың алғашқы баспалдақтары. Ел мақтанар, ата-аналарыңыз мақтан етер чемпион болуларыңызға тілекшімін, - деді спортшыларға ризашылығын білдірген аудан басшысы Марат Тоқжанов.

Кездесуде жас спортшылар спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғары белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

AD5A0F36-6F30-4B23-9C67-0CAD19CCA1CA

Өз кезегінде жас спортшылардың ата-аналары мен бапкерлері атынан сөз алған Ислам Қабдоловтың әкесі Есен Айсағалиев пен Даниил Рубцовтың атасы Аманғали Хамзин осындай кездесулер спортшыларға ерекше рух беріп, жаңа белестерді бағындыруға талпындыратынын айтты.

Шара соңында ел намысын абыроймен қорғап жүрген өрендерге аудан әкімінің алғысхаты мен бағалы сыйлығы табысталды.

1AE40094-50C2-4B0A-A84C-954C46F2F70C

D6F78B16-BA44-4BD0-A5A0-9AECDCB1C494
E1D31BC4-2106-40D3-B07C-AA6DB13C0087

13599E3B-8310-4C35-B610-9AB7AC81E5B3
BFC69FE9-BC2B-4E80-8908-112230357DA0

7EA8644F-42BC-441D-BEC3-5B6C02B93C41
Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале