Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында Мичурин ауылдық округінде ерлер арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнирде Бәйтерек ауданына қарасты Переметный, Көшім, Желаев, Янайкин, Железнов, Махамбет пен жергілікті Мичурин округтерінен келген командалар бой көрсетті.
Турнирдің шымылдығын ашқан округ әкімі Максим Мусалимов спортшыларды алдағы мерекемен құттықтай отырып турнирге сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысында мықтылық танытқан мичуриндіктер топ жарса, Көшім командасы екінші, Махамбет волейболшылары үшінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар ойын барысында белсенділігімен көзге түскен Жаслан Валиев «Үздік байланыстырушы», Өмірбек Ишанов «Үздік қорғаушы», Акбай Қайнаров «Үздік шабуылшы» және Диас Сүлейменов «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.
Жарыс жеңімпаздарына кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Назерке Сыйлыбаева
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz