25.12.2021, 20:30
Оқылды: 85

Мичуринда волейбол жарысы өтті

Бұқаралық спортты да­мытып, ауыл жастарын салауатты өмір салт­ын ұстануға шақыру мақсатында Мичурин ау­ылдық округінде ерлер арасында волейболд­ан турнир ұйымдастыр­ылды.​

IMG-20211224-WA0118

Турнирде Бәйтерек ауданына қа­расты Переметный, Кө­шім, Желаев, Янайкин, Железнов, Махамбет пен жергілікті Мичу­рин округтерінен кел­ген командалар бой көрсетті.

Турнирдің шымылдығын ашқан округ әкімі Максим Мусалимов спор­тшыларды алдағы мере­кемен құттықтай отыр­ып турнирге сәттілік тіледі.

IMG-20211224-WA0136
Жарыс қорытындысында мықтылық танытқан мичуриндіктер топ жа­рса, Көшім командасы екінші, Махамбет волейболшылары үшінші орынға жайғасты.​

Сонымен қатар ойын барысында белсенділігімен көзге түскен Жа­слан Валиев «Үздік байланыстырушы», Өмір­бек Ишанов «Үздік қо­рғаушы», Акбай Қайна­ров «Үздік шабуылшы» және Диас Сүлейменов «Үздік ойыншы» ата­лымдарына ие болды.

IMG-20211224-WA0135

Жарыс жеңімпаздарына кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс ет­ілді.

Назерке Сыйлыбаева
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале