27.12.2021, 9:20
Оқылды: 46

Қазақстанда 109 амбулаториялық-емханалық нысан салынып жатыр – ҚР ДСМ

Қазақстанда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы еліміздің өңірлерінде 109 амбулаториялық-емханалық нысанның құрылысы басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

46E6C4CC-0E37-449D-A13C-455BE6504DC9

Жалпы, бүгінгі таңда халыққа медициналық қызметтерді 7 мыңнан астам амбулаториялық-емханалық ұйым көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік 59%, жеке меншік - 41%. Жалпы практика дәрігерлерінің 12 мыңнан астам учаскесі ашылды. Қант диабеті, гипертония және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша ауруларды басқару бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бұл бағдарламаға динамикалық бақылаудағы пациенттердің 55%-ы қатысады.

Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 52,4%-на дейін жеткізілді. Бұл көрсеткіш 60%-ға дейін жеткізіледі. Осылайша, қымбат стационарлық емдеуден аурулардың алдын алуға көшу жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале