Коронавирустың омикрон штамы адамның иммундық қорғанысын бұзып өтуге қабілетті. Сондықтан ол COVID-19-бен ауырғандарға, екпе алмағандарға және ревакцинация жасамағандарға жұғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдағы апталарда омикрон Еуропаның біраз бөлігіне таралады. Бұл ауруханалардың ауыртпалығын арттырып, денсаулық сақтау жүйелері мен басқа да өмірлік маңызды қызметтерге үзілістер жарияланады. Омикрон адамдарда бұрын дамыған иммундық қорғанысты бұзып өтуге қабілетті. COVID-19-бен ауырғандарға және бұрын ауруға қарсы вакцина алғандарға, вакцина алмағандарға жұғады", - деді Мелита Вуинович "Российская газетаға" берген сұхбатында.
Вакцина аурудың жеңіл өтуіне ықпал етіп, өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді."COVID-19 вакцинасы өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді", - деді Вуйнович.