29.12.2021, 11:30
Оқылды: 18

Батыс Қазақстанда 910 оқушыдан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында 1 қыркүйектен бері 910 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі кезде Орал қаласында облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында бір сынып 4 қаңтарға дейін жабылған.

Жыл басынан бері ауырған 3 033 баланың 3 031-і жазылып шықты.

Пандемия басталғаннан бері облыста 40 047, биыл 30 826 адамнан індет табылды.

Өңірдегі ірі кәсіпорындар саналатын «Жайықмұнай» ЖШС-дан жыл басынан бері 67, «ҚПО б.в» компаниясынан 273 қызметкердің вахтаға шығар алдында немесе одан кейін коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Күні бүгін облыс бойынша 286 адам амбулаторияда, 53 науқас стационарда ем алуда. Соның ішінде 8-і жансақтау бөлімшесінде жатыр. Соңғы тәулікте 9 науқас тіркелсе, 16-сы жазылып шықты.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 255 015 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 61,6 пайызы) вакцинаның бірінші, 241 608-і (58,3 пайызы) екінші компонентімен егілді.

Сондай-ақ 13 821 адам ревакцинациядан өтсе, 5012 тұрғын Pfizer вакцинасын алды. Соның 2 827-сі жасөспірім болса, 152-сі – жүкті, 2033-і – бала емізетін әйел.

Облыста вакцинация жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале