29.12.2021, 18:01
Оқылды: 62

Достық шаңырағының мерейтойы

Осыдан 10 жыл бұрын, 2011 жылдың желтоқсанында Теректі ауданы орталығында Достық үйі есігін айқара ашты.

46

Атына заты сай, 29 ұлт өкілі «менің мекенім» деген теректіліктердің ортақ шаңырағы болып отырған Достық үйі - мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы.

Осы орайда, бірлік пен ынтымақты ұлықтаған  «Этностардың алтын қазынасы— 2021» атты шара өтті.  Жиынға жиналғандар ең алдымен этно-мәдени орталықтар  көрмесін тамашалап,  бейнебаян арқылы Достық үйі жұмысына шолу жасады.

Салтанатты шарада аудан әкімі Тілек Габдушев Достық үйінің мерейтойымен құттықтап, он жылдың ішінде көпұлтты Теректі ауданы халқының тату-тәтті өмір сүруіне, ұлт құндылықтарының жаңарып-жаңғыруына  айрықша үлес қосқан ұжымға алғыс айтты.

50

Аудан әкімінің қолынан Достық үйі шаңырағында біріккен ұлттық-мәдени бірлестіктер жетекшілері - Л.Қаражігітова («Алтын бесік» қазақ бірлестігі), М.Плетеная («Сябры» белорус этномәдени орталығы» ҚБ), Н.Рунова («Еднання» украин этно-мәдени орталығы), Т.Момот («Алтын гюль» татар бірлестігі) , В.Медетова («Фройшафт» неміс бірлестігі) , Н.Сунцов («Русская изба» орыс бірлестігі)  марапатталды.  Бір топ  бірлестік мүшелеріне  де алғысхат табыс етілді.

47

Жиында сөз алған Теректі аудандық мәслихат хатшысы  Әлжан Нұрғалиев пен ауданның Құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов Достық үйі құрылғаннан бастап өткен он жыл төңірегінде әңгіме өрбітті.

Шара соңы ұлттық бірлестіктердің  өнер фестивалімен жалғасын тапты.  Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі де ұлттық нақыштағы қазақ,  татар, орыс билерімен жиын көркін қыздырды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале