Ортақ мүдделер саласында – «ақылды» қалалар, АТ-технологиялар, энергетика, инфрақұрылым, мәдениет және өнер, экономика және сауда, білім, туризм. Тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісті.
Заманауи Шэньчжэнь – Қытайдың инновациялық астанасы, онда Нобель сыйлығының лауреаттары, Тюринг сыйлығы және Филдс медалінің иелері басқаратын көптеген зертханалар құрылды.
Мұнда Huawei, Tencent, ZTE және басқа да көптеген танымал компаниялар орналасқан іргелі зерттеу институттары мен инновациялық орталықтар құрылады. Барлық уақыт ішінде Шэньчжэнь ғылыми-техникалық инновациялар орталығы, өңірлік қаржы және сауда-логистикалық орталық ретінде қалыптасты.
BAQ.KZ.