10.01.2022, 10:15
Оқылды: 59

Қазақстан тәуелсіздік жылдары неше рет Аза тұту күнін жариялады

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы неше рет Аза тұту күнін жариялады? ҚазАқпарат ел тарихындағы қаралы даталарға шолу жасаған еді.

7

2006 жыл, 22 қыркүйек. Ленин (Шахтинск) атындағы шахтадағы қайғылы жағдай.

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған техноген апаты. Жарылыс салдарынан 41 кенші қайтыс болы, жеті жұмысшы жараланды.

2008 жыл, 14-16 қаңтар. «Абай» шахтасындағы метан жарылысы.

Метан жарылысы 400 метр тереңдікте болды. Ресми органдар осы уақытта шахтада 191 адам болғанын жария етті. Жарылыстан кейін лава қызыл жалынға оранып, соның салдарынан. 30 адам қаза тапты.

2010 жыл, 16 наурыз. Қызылағаштағы су тасқыны.

Бұл — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқындарының бірі. Алматы облысының Қызылағаш ауылында наурыздың 11-нен 12-не қараған түні болған оқиға. Қайғылы жағдайдан 43 адам көз жұмды, олардың арасында сегіз бала болған.

2012 жыл, 5 маусым. Арқанкергендегі қанды оқиға.

28 мамырда «Арқанкерген» шекара қызметінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына тірі қалған сарбаз - Владислав Челах кінәлі деп танылды. Ол қазіргі уақытта темір торда жазасын өтеп жатыр.

2012 жыл, 27 желтоқсан. Шымкентте ұшақтың құлауы

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшыраған. Әуе көлігінің бортындағы 27 адамның барлығы қаза тапты.

2013 жыл, 31 қаңтар. SCAT компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы

Әуе апаты салдарынан борттағы 21 адам қаза тапты. 16 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі. SCAT авиакомпаниясының лайнері Көкшетау - Алматы бағытында ішкі рейсті орындау кезінде Алматы әуежайы маңында құлаған.

2016 жыл 9 маусым. Ақтөбедегі лаңкестік

Террорлық акт салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды.

2019 жыл, 28 желтоқсан. BekAir ұшағының апатқа ұшырауы

2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

2020 жыл, 13 шілде елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

2021 жыл, 26 тамыз.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

22 жыл, 10 қаңтар.

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале