10.01.2022, 10:50
Оқылды: 54

Бәйтеректе комменданттық сағат режимін бұзғандар жоқ

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16-тармақшасына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының шекараларында төтенше жағдай режимі енгізілді.

16

Төтенше жағдай кезінде түнгі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін облыс аумағында коменданттық сағат та енгізілді.

Қазіргі таңда бұл ереже Бәйтерек ауданында да қатаң сақталуда. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбековтің айтуынша, аудан аумағында коменданттық сағат режимін бұзу фактісі тіркелмеген екен.

Полиция бастығы бұл уақтылы жасалған профилактикалық жұмыстың нәтижесі екенін айтады.

-Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап құқық қорғаушылар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Барлық учаскелік инспекторлар мен жеке құрам аудан орталығы мен ауылдарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, елдегі жағдайды тұрғындарға жеткізді. Соның нәтижесінде қазір аудан аумағында тәртіп ойдағыдай,-дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале