«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы соманың 93,8 млрд теңгесі – Алматыдағы бизнеске келген шығын.
"Байланыс орталығына 3 507 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1669, форс-мажор – 138, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671. Елдің 9 өңірінде 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект", - делінген хабарламада.
“Атамекен” ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1448, қоғамдық тамақтану – 32, қаржы секторы – 37, логистика – 9, БАҚ – 2.
BAQ.KZ