11.01.2022, 12:00
Оқылды: 50

Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артады

Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

«Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын.

Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есе – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан.

Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале